19 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Бүгінгі күндер матрицасы» атты «Сплав» халықтық фото клубының есеп беру көрмесі ашылды. Көрмеге 12 кәсіби фотосуретшілер мен қатар әуесқойшы фотосуретшілер қатысты. Бүгінгі күнде клубқа жаңа леп енгізген жастар көп келеді. Олардың шығармашылық тақырыптары да сан алуан.
Өз еңбектерінде бірі табиғи, қалалық көріністерге тоқталса, енді бірі адамға,әлеуметтік мәселелерге тоқталған. Репортаж, пейзаж, портрет сияқты түрлі жанрлардың алмасуы арқылы көрме көрермендердің қызығушылығын оятады. Әдеттегідей көрме жанр жағынан сан қырлы болды, бұл жерде репортаж, пейзаж және портретте кездеседі. Барлық жоғы 60 фотосурет қойылды.
Ашылу кезеңінде көрмеге қатысушыларға мұражай әкімшілігі мен фотоклуб жетекшілерінің атынан дипломдар ұсынылды.
Көрмеге политехникалық колледж студенттері, қала суретшілері мен фотосуретшілері, Т-арт суретшілер клубының мүшелері, «Магнит» ақындар клубының мүшелері, қаламыздың зиялы қауымы келіп, көріп, фотосуретшілердің жоғары деңгейдегі шеберлігін атап өтті.