7 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Теміртаулық суретші Александр Литвиновтың 55 жылдық мерей тойына арналған «Қабырға» атты жеке көрмесі ашылды.
Бұл 100 жуық суреттер жинағы. Бұл жолы суретшінің шығармашылық тақырыбы - қала, мегаполис, тарих. Биыл Теміртау қаласына 70 жыл толмақ, осы орайда суретші өзінің мерей тойын қала тойымен ұштастырды.
Суретшінің шығармашылығында кешегі күнгі жұмыстарымен салыстырғанда көп айырмашылығы бар жаңа бағыттар пайда болған. Осы жаңа бағыттар көрменің негізін құрады.
Көрме ашылуында 30-ға жуық адам қатысты: қаламыздың суретшілері, «Сплав» фото клубының мүшелері мен шығармашылық зиялы қауым.