7 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күніне арналған «Жұлдыздарға жеткізер жолда» атты экспозиция ашылды. Ғарышқа ұшу дегеніміз адамзат тарихындағы өте бір маңызды оқиға, бұл ғылым мен техниканың жеңісі, бұл табиғаттың тылсым күшін жеңе білген адамзаттың жеңісі.
Экспозиция 5 бөлімнен құралды, әрбір бөлімде суреттер мен құжаттар ғарыш тарихын баяндады. Бірінші бөлім «Байқоңыр» ғарыш айлағына және ғарышқа алғаш рет ұшқан адамға арналды. Негізгі бөлім қазақстандық ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаев туралы баяндады. Экспозицияда ғарышта болып қайтқан қазақстандық ту, «Мир» ғарыш станциясы мен ракетаның макеті, почталық маркалар, сынақшы-ұшқыштың шлемі, 1961 жылы 12 сәуірде басылымға шыққан газет сияқты бірегей жәдігерлер көрсетілді.