IMG 49258 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Байқоңыр» космодромының 60 жылдығына арналған  «Ғарышқа ең қысқа жол» атты іс-шара өткізілді. Бұл біздің мемлекетіміздің аймағында орналасқан әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Іс-шараның мақсаты жас жеткіншектерге өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, олардың шығармашылық және танымдық қасиеттерін дамыту болды.

Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңы Байқоңыр кешенін құрайды. Бүгінгі таңда ол жабық қала режиміндегі нысан саналады. Қалаға кіру рұқсат қағаз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастапқыда оқушыларға іс-шараға кіруге арналған, мұражайдан естелік ретінде рұқсат қағаздары таратылды.

Іс-шараға қатысушылар тарихқа шолу жасап, «Байқоңыр» ғарыш алаңының пайда болуы туралы көптеген сұрақтарға жауап алды. Балалар ғарышты дамытуда өз үлесін қосқан тұлғалармен, маңызды оқиғалар желісімен танысты. Барлық ақпарат сурет және видео материалдармен толықтырылды.

Іс-шараға №10 аралас орта мектебінің  7 сынып оқушылары қатысты.

IMG 4931 IMG 4956

IMG 4938

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.