16 мамыр күні сағат 12.00де Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайы алаңында мұражайлар күніне арналған «Жәдігер бенефисі Тапталған кебіс» атты іс-шара өтті.
Бенефистің басты кейіпкері – кебіс. Мұражай алаңында 9 шығармашық алаң жұмыс атқарды. Орталық орын қор жинағындағы аяқ киімдер көрмесіне арналған, олар ұллтық, кәсіптік, және ескі нақышта болды. Сонымен қатар «Тарихта қалған із», «Ескі кебістің жаңа өмірі», «Арт аяқ киім» атауында сайыс өткізілді.
Көрермендер Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебі оқушыларының аяқ киімдерге сурет салуын тамашалады. Қатысушылар өз қалауы бойынша кез келген шығармашылық стансаға қатысты: шұлғауды дұрыс орауды үйренді, 2015 жылғы жаңа аяқ киім үлгісін ойлап шығарылды, етікшіге қырқаяққа аяқ киім кигізуге көмектесті, әр кім өзіне жаздық жеңіл аяқ киім жасады.
Және де көптеген ойындар, жарыстар, конкурстар болды. Отралық алаңда қаламыздың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті: «Силуэт» сән театры, «Арабески», «Атлантида» би ұжымдары, «Берегиня» ансамбльі.
Сонымен қатар аяқ киім тарихы бойынша танымдылық ойындар бағдарламасы болды.
Қатысушыларға жүлделер, сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. Мерекеде 200ге жуық адам қатысты.