15 маусым күні сағат 16.00-де Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайында Теміртау қаласының Орталық қалалық ауруханасының 60 жылдығына арналған «Зор міндет» атты экспозиция ашылды.

Экспозицияның ашылу салтанатына аурухананың ардагер қызметкерлері, атақты дәрігерлер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қонақтар тек аурухана тарихымен танысып қана қоймай, сонымен қатар экспозицияда ұсынылған медициналық құрал-саймандардың атауларын анықтауға көмектесті. Ашылу салтанатына келген аурухана мекемесінің басшысы, денсаулық сақтау озаты С.С. Мартынов, бас дәрігердің орынбасары, Теміртау қаласы әкімінің «Үздік жеке маман-дәрігер» атағының иегері Б.Б. Аханова және Теміртау қаласының штаттан тыс аға балалар хирургі И.А. Маловичко экспозицияға жоғары баға берді.

Абзал жандарға, қалалық ауруханаға арналған экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

16062015-1 16062015-2

16062015-3 16062015-4

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.