25 маусым күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қостанайлық суретші Мирамгүл Ордашеваның жеке көрмесі ашылды.
Мирамгүлдің көрмесі Қостанайда, Челябинскте өтіп, енді міне Теміртауға да келді.Майлы бояумен жазылған 30 шақты суреттері көрмеде ұсынылды.
Бала кезінен қазақ халқының төл мәдениеті қызықтырып, өзіне тартатын. Көшпенділермен өмір бойы серіктес болып келген әдет-ғұрып, салт-дәстүр мерекелер мен ерекше рәсімдер суретшінің шығармашылығынан орын алған.
Мирамгүл тек әуесқой суретші емес, ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Өнер» кафедрасының оқытушысы. Осылай өз білімін, өз дарынын жастарға жеткізіп жүрген жас маман.