18 тамызда сағат 10.00 -де Теміртау қалалық тарихи –өлкетану мұражайында «Жүрегім сенде, сүйікті қала!» атты іс-шара өтті. Қаламыздың 70-жылдығына арналған дөңгелек үстел түрінде өткен бұл ісшараға қала ардагерлері, қала басшылары, жаскелең қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.
Іс-шара мақсаты: бар күшін, өмірін осы қаламыздың бой көтеруіне, дамуына арнаған ардагерлер алқасы жаскелең ұрпақты осы жасалған барлық істі сақтай біліңдер, қаланы сүйіңдер, одан әрі көркейте біліңдер демек. Келушілер ой бөлісіп, еске алып, деректі фильм тамашалады.
Қалалық ардагерлер Кеңесі мен мұражай үшін бұл дөңгелек үстел қаламыздың мерей тойына арналған іс-шаралардың бастамасы болды.