17 қыркүйекте сағат 12.00 –де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану  мұражайында еңбек күніне арналған «Мың түрлі мамандық» атты іс-шара өткізілді.  

Біз бұл күнді ерекше атап өттік. «Мың түрлі мамандық» деп аталатын жаңа жоба іске қосылды. Жоба негізінде біз қызықты және ерекше маман иелерімен таныстырдық: Валентина Тихоновна Князева – саңырауларға арналған мәдениет Сарайының алғашқы директоры, Кибин Владислав Юрьевич – Теміртау қаласының құтқару стансасының сүңгуірі, Кузяханова Светлана Степановна – Тілден ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернатының логопед мұғалімі, Шоқпанов Азамат – «Салекс» кинологтар қызметінің кинологы.

«Мирас» колледждінің оқушылары және іс-шараның қонақтары сурдоаудармашының жәй аудармашыдан айырмашылығы неде екенін, кинолог қызметінде қандай қиындықтар бар екенін,  сүңгуіршілердің өмірі қандай қауіптермен қатерлі екенін, сөйлеу кемістіктері бар адамдарға логопед қалай көмектесетінін білді. 

17092015-1

17092015-2

17092015-3

17092015-4

17092015-5

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.