20 қараша Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ мемлекеттігінің құрылуының 550 – жылдық мерейтойына орай «Дала қырандары» атты мультимедиялық экскурсияның ашылуы өтті.
«Дала қырандары» атты мультимедиялық экскурсия хронологиялық кесте бойынша 1465 жылы қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хандардан бастап, ең соңғы хан Кенесары Қасымұлымен таныстырды.
Экскурсия барысында қазақ хандығының қалыптасуына ат салысқан, ел басқарған тұлғалар жайлы электронды форматтағы ақпараттар мен құжаттар ұсынылды.
Экскурсияға қала мектептерінің оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімдері шақырылды.