29 ақпанда сағат 13.30-да Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Алғыс білдіру күні» атап өтілу қарсаңында «Шыдамадылық бастауы» іс-шарасы өтті.
Іс-шараға шақырылған колледж студенттері Қазақстан жеріне күштеп көшірілген халықтардың тағдырының тарихи өткен өмірімен танысты. Экскурсияның негізінде, Теміртау қаласын өзінің екінші отаны санаған, осы қаланың тарихымен тығыз байланысты, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тағдырлардың бірегей құжаттары-хаттары, естеліктері мен күнделіктері көрсетілген экспозиция құралған. Көрсетілімге мультимедиялық форматта фотодеректі материалдар мен бейнефильмдердің үзіңділері ұсынылды.