ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында атап өткендей, және ҚР Білім және ғылым Министірлігінің мектептерде кәсіптік бағдар беру күндерін өткізу бұйрығына сәйкес, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде 18 сәуірде «Еңбек өмірбаяны» атты экспозиция ашылды.
Экспозицияда Теміртау колледждерінің кешегі мен бүгінгі күндегі тарихын баяндайтын суреттер, құжаттар орын алды. Экспозицияға келушілер оқушылардың өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын көре алады, жабдықтардың макеті, пайдаланылатын оқу құралдыры, дәнекерлеушәлердің, құрылысшылардың, аспазшы, тігіншілердің арнайы киімдері және құралдарымен танысады. Өзінің болашақтағы мамандығын әлі таппаған балалар музей қабырғасында болашақ еңбек жолын анықтай алады