21 сәуірде қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халықтарының бірлігі Күніне арналған «Киімге қарап қарсы аламыз...» атты іс-шара өткізілді. Шақырылған қонақтар – «Мирас» колледжінінң студенттері ұлттық киімдер дәстүріне қызықты саяхат жасады. Ұлттық киімдермен танысу дефиле түрінде өтті, бұл жерде дизайнер Жангүл Ибраева заманауи қазақ ұлттық нақышта тігілген өзінің киімдер жинағымен бәрін таң қалдырды. Сонымен қатар «Понтос» грек мәдени орталығы; «Полония» поляк мәдени орталығы; «Берегиня» орыс мәдени орталығының өкілдері өздерінің ұлттық киімдерінің түрлі нұсқаларын көрсетіп, ерекшеліктерімен таныстырды.
Іс-шараға келушілер бірінші рет музей қорының жинағынан көне славяндық көйлекшелерді көрді. Музей қызметкерлері осы іс-шараға арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа ұлттық киімдер тігіп, олармен жан-жақты таныстырды, бұл киімдер музейдің этнографиялық жинағын толықтырды.