5 мамыр сағат 13.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Жеңіс Күніне арналған «Ертең соғыс басталды...» атты іс-шара өткізілді. Тыл еңбеккерлер Вахитова Н.Т., Рыскаль В.М., Лазарева Н.С. соғыс құртқан балалық шақтары туралы баяндап берді. Ардагерлердің әңгімесін, тыңдыушылар – жалпы білім беретін №11 мектеп оқушылары көздеріне жас алып тыңдады. Балалар соғыс жылдарының ұрпақтары тағдыры туралы аз білген соң, сұрақтар беріп, белсенді қатысып оттырды. Іс-шара екі түрлі ұрпақтың диалогы түрінде өтті.