14 мамыр сағат 12.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің алаңында Халықаралық музейлер күніне арналған «Жәдігер бенефисі. Дүрліккен ыдыс-аяқ» атты іс-шара өткізілді.
Музей алаңында 200-ге жуық адам жиналды. Олардың барлығы көрермен болып қана коймай, ыдыс-аяққа арналған шараларға белсенді қатысты. Музей алдындағы алаңда 9 шығармашылық алаңқайлар жұмыс жасады – спорттық ойын, экстремалдық, қыш шеберханасы, көркемөнер галереясы, шығармашылық шеберханасы. Басты – экспозициялық алаңда, қалаушылар Теміртаулық тарихи-өлкетану музейі мен Қарағанды облыстық музей қорында сақталатын ыдыс-аяқтар жинағының көрмесін көре алды. Экспозицияда этнографиялық, тұрмыстық, тарихи және әскери-жорық ыдыстар ұсынылды. Ал алаңның қақ ортасында қаланың өнерпаз ұжымдары өнер көрсетті.
Сонымен қатар «Ыдыстар салтанаты» атты сайыстың қорытындылары айтылып, жеңімпаздар дипломадармен марапатталды.
Мерекеге қатысушылар мен қонақтар Г.Жұбанов атындағы өнер мектебі оқушыларының шебер қолдарымен көркемделген подностарды, Т.С. Дүйсенбековтың ағашты ойып, ыдыс жасау шеберлігін, «Кореяна» этно-мәдени орталығы мүшелерінің кукси тағамына қолданылатын кеспені қалай даярлайтынын көре алды. Өз қалауына қарай келушілер спортсмен, суретші, мүсінші ролін атқарып, ыдыстар тарихы бойынша көңілді де қызықты танымдылық ойындар өткізді.