14 мамырда Халықаралық музей күні қарсаңында музей алаңында «Ыдыстар салтанаты» атты экспозицияның ашылды.
Экспозицияда теміртау және облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің қорында сақталатын ыдыстар жиынтығы көрсетілді. Барлық жоғы 150 –ден астам негізгі қор жәдігерлері шыны витриналар мен тұғырларда орналасты. Олар кейінгі қола дәуіріндегі ыдыстар, көшпенділердің ағаштан жасалған ыдыстары, орыс халқының гжель, хохлома, жостов сияқты көркем суреттері салынған ыдыстар, Шығыс Азия мен Түркі халықтарының қолданатын ыдыстары музедегі археологиялық және этнографиялық жиынтықпен таныстырды.
1930 жылдардағы фаянс тәрелкелер мен су ішуге арналған ыдыстар, 70-ші жылдары әрбір әйелдің арманына айналған «Мадонна» сервизі, ас-қасықтар шанышқылар және тағы басқа да ыдыстар кешегі кеңестік кезеңге саяхатқа аттандырғандай.
Экспозицияда Самарқан поселкесінде жасалған ыдыстар да көрсетілді. Соғыс жылдары осы жаққа эвакуациямен келген жандарға арнап Құю –механикалық зауыты ең алғашқы өнімі- ас қасықтар жасаған еді. Ал 1944 жылы Қазақ металлургиялық зауыты алюминий кәстрөлдер жасады.
Экспозицияның орталығында Әжеміздің ас үйі орналасты. Ыдысқа толы көне асханалық буфет және «АрселорМиттал теміртау» БЖО-ның «Лепка» студиясы жасаған шәй жинағы қойылған дөңгелек үстел.
Көрме аясында «Жаңашыл ыдыстар» атты сайыс өтті. Бұл сайысқа қаламыздың шығармашыл ұжымдары мен студиялары, орта мектеп оқушылары қатысты. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.