27 мамырда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде қарағандылық суретші Ирина Пономорёваның «Ван Гог стиліндегі қиялдар» атты көрмесі ашылды.
Келушілердің назарына әр түрлі уақыт кезеңінде жазылған шамамен 40 көркем суреттері ұсынылды. Көрменің қонақтары – суретшілер және «Мирас» колледжінің студенттері суретшінің ерекше импрессионистік бағыттағы жазу мәнерімен, түстері таза және қанық, бояуы айқын және майда жасалған өнерімен танысты . Көрменің негізін пейзажды және натюрмортты жанрдағы суреттер құрайды.