3 маусым күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Тәуелсіздік нышандары» атты іс-шара өтті.
Іс-шара «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарындағы Теміртау» залында, мемлекеттік нышандар орнатылған жерде өтті. Іс-шара мемлекеттік нышандарды пайдалану ережелері, талаптары және оларды дұрыс орналастыруы туралы ақпаратты-интерактивті ойын форматында ұсынылды. Балалар екі сайыс тобына бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, Қойылған сұрақтарға жауап іздеп, өздерінің ой-өрісін жарысқа салды. Барлық материалдар мультимедиялық презентация арқылы көрсетілді.
Іс-шараға қатысушылар № 15 қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар дипломға ие болды.