12 шілде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Металлургтер күніне орай, «Ұрпақтың жанды байланысы» жобасы шеңберінде, Қарағанды металлургиялық комбинаттың металлургтер әулеттеріне арналған «Құрышты әулет» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды метталлургиялық комбинаттың төрт еңбекші әулеті қатысты. Әр әулеттің басшысы тек металлургияға деген әуестік туралы ғана айтып қоймай, өз отбасыларының тағдыры Қазақстанның, Теміртау қаласының, тарихында қандай із қалдырғаны туралы да баяндады. Іс-шараның еңбек ерлері краншы, машинис, көрікші, лаборант – өз мамандықтарының ерекшеліктерімен бөлісті.