20 қыркүйек сағат 12.00 де қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Мың түрлі мамандық» бағдарламасы аясында «Өмірдің өзі театр» атты экспозиция ашылды.
Экспозицияда – гримдеуші, постижёр, бутафор, костюмер, суретші, жарық беруші сияқты бірегей театр мамандары туралы баяндалды. Олардың барлығы жас көрермен Театрының жұмыскерлері. Мұнда қызықты заттар – театралдық костюмдер, жасанды шаштар, бутафория заттары, театралдық құрылымға жасалып, спектакльдерде пайдаланылатын нұсқалар мен макеттер жинақталған. Келген қонақтар спектакль қойылымын даярлау кезіндегі жұмыс сәттері бейнеленген архивтік суреттерді тамашалай алды.