28 қазан күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында, «Селдей аққан темірдің бастауы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл Қола дәуіріндегі Атасу қонысына аттанған экспедицияның қатысушыларымен кездесу. Осыдан отыз жыл бұрын Атасу ежелгі кен қазушылар мен металлургтердің ірі елді мекені болған екендігін дәлелдейтін археологиялық заттар табылған. Бұл жерде қоланы жылумен өңдейтін балқыту пештері табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІ мыңжылдықтың басында мекендеген адамдар темірдің әртүрін өңдей білген көрінеді.
Теміртау қаласына тыныс беріп тұрған басты да маңызды өнеркәсіп – ол металлургиялық комбинат.Біздің комбинаттың мамандары қазба жұмыстарына қатысып, қола дәуірінің пешін қайта жөндеуден өткізіп, темір балқытқан.
Конференция қатысушылары:
Аманжолов Жұман Қалықович – техника ғылымының кандидаты, ҚарМИУ «Металлды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті.
Жұмабаев Сағындық Убаевич – тарих ғылымының кандидаты, Бөкетов ат.ҚарМУ «Археология, этнология және Отандық тарих» кафедрасының профессоры, экспедиция қатысушысы.
Бөкежанов Ғазиз Имам-Мединович – инженер-электрик, экспедиция қатысушысы. Евдокимов Валерий Валентинович – тарих ғылымының докторы, Бөкетов ат. ҚарМУ «Археология, этнология және Отандық тарих» кафедрасының профессоры.
Шакатаев Олжас Саятович – Бөкетов ат. ҚарМУ «Археология, этнология және Отандық тарих» кафедрасының аға оқытушысы, археология магистры.
Конференцияда ҚарМИУ оқытушылары және студенттері, қала мекетептерінің тарих пәнінің мұғалімдері, экспедицияға қатысқан Қарақандылық және Астаналық қонақтар болды.