2018 жылдың 3 сәуірінде сағат 11.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала тұрғындарына және оқушыларға арналған «Индустриализациялау жылдарындағы Самарқанд елді мекені» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара интерактивтік кезеңдермен толықтырылған экскурсия түрінде өтті. Өткізілу барысында ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қазақстанда өткен индустриализациялау кезеңі  өлкеміздің тарихы арқылы баяндалды. Ісшараға қатысушылар арнайы қонысаударушы-суретші Н.М. Киселевтың балалық шағының естеліктері бойынша тәлкілену мен аштық жылдары туралы, жер аудару және Осакаровка ауданындағы №13 нөмірлік ауылдағы өмір туралы салынған суреттерімен танысты.    

Қатысушылар пайдалы қазбаларды өз бетімен анықтап, оларды қай салада қолданатынын анықтады. Қ.Сәтбаевтың Орталық Қазақстандағы экспедициясы туралы әңгімеленді. Индустриализация жылдарында Самарқанд елді-мекеніндегі өнеркәсіп нысандарының құрылысы туралы толық ақпарат берілді.  

Іс-шараның соңында сауатсыздықты жою мәселесі туралы айтылып, әр түрлі суреттердің арасынан жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдарындағы Самарқанд елді мекенінің көрінісін анықтау туралы викторина ұсынылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.