13 маусымда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде КСРО жазушылар Одағының мұшесі, қазақстан жазушылар Одағының мүшесі ақын В.Г. Фетьконың 75 жылдығына арналған «Соңғы бесжылдық» атты еске алу кеші өтті.

Домна пештерін, прокат пен болат балқыту цехтарының кірпішін өз қолымен қалаған Қазақстан Магниткасының қарапайым құрылысшысы өте дарынды ақын болған. Ол өз өлеңдерінде Теміртау қаласы мен оның еңбекқор тұрғындары туралы жазған.

Еске алу кешінде экспозицияның нақ ортасында орын алған, В.Фетьконың толық бойымен жасалған, суреті ол кісінің жоқтығын білдіртпегендей әсер берді.  Еңбек жолы мен шығармашылық қызметін айқындайтын қолжазбалары, басылымдары, мақалалары мен суреттері ақын бейнесінің қыр-сырын жеткізе білді. Ақынның отбасының жеке архивінен алынған документалдық құжаттар мен оның немересінің орындауындағы В.Г. Фетьконың видеоөлеңдері интерактивтік панельден көрсетілді.

Еске алу кешінде ақынның ұрпақтары мен достары, әріптестері жиналды. Дастархан басында Фетько В.Г туралы, оның шығармашылығы – поэзия мен прозасы туралы жылы сөздер айтылып, еске алынды.  Ақынның өлеңдерін оның балалары, немерелері, «Магнит» ақындар клубындағы достары оқыды. Іс-шараның басты кезеңі – Ақынның «Соңғы бесжылдық» деп аталатын кітабының тұсаукесері болды.  Кітап балаларының қаражатына басылып шығарылды. Кітапқа 1995-2000 жылдары жазылған таңдамалары енді, бұл кітапты ақын В.Г. Фетько көзі тірісінде жинақтап, әрленуіне дейін ойластырып, басылымға дайындаған екен.

Теміртаулық музыкант А.С. Великановтың ақынның өлеңдерін алғаш рет музыкаға салып, және де өзі осы іс-шарада орындағаны қала тұрғындары үшін ерекше сыйлық болды. 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.