18 маусымда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған «Музейлік детевтив» тақырыбында интеллектуалдық  квест ашылды.

Квест мақсаты: жәдігерлер мен тапсырмалар арқылы полиция қызметімен таныстыру. 

Музей залдарында үш бөлім жұмыс істеді – тергеу бөлімі, криминалистік лаборатория, полиция учаскесі.  Әрбір топқа саяхат картасы ұсынылды. Тапсырманы дұрыс орындағандары үшін ізденістегі қылмыскердің фотороботтың бөлшектері берілді. Экскурсия соңында оларды жинақтап, толық сурет шығару қажет.

Тергеу бөлімінде тергеуші қызметінің қыр-сыры баяндалып, қор заттарының күшімен өзіңді танымастай етіп өзгерту ұсынылды. Екінші тапсырмада олар бар заттарды есте сақтап, кейіннен солардың ішінен жоғалғанын анықтап, өздерінің есте сақтау қабілетін тексерді.  

Полиция учаскесінде олар айғақтармен жұмыс жасап, табылған хаттың қай тілде жазылғанын анықтап, 5 ақ заттың түріне қарап олардың не зат екенін анықтады.

"Криминалистік лаборатория"  бөлімінде криминалистер туралы естіп, презентация арқылы интерактивтік тапсырмалар орындау арқылы олардың қызметінің ерекшеліктерімен танысты. Бұл жерде іздерді анықтап, иіс сезу қабілеттерін тексеріп, дыбыстар, дауыстар арқылы қандай аңдар екенін анықтады.  

Барлық бөлімнен өтіп балалар полиция учаскесіндегі инсталляцияда фотороботты жинап, өздері естелікке суретке түседі.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.