2018 жылдың 29 маусымында сағат 12.00 -де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде қайырымдылық іс-шаралар шеңберінде Шахтинск қаласының «Салауатты қоғам-2050» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ерекше бақыт" атты фотосуреттер көрмесі ашылды.
60 фотосуреттен тұратын көрме бұл Қарағанды және Шахтинск қаласының кәсіби фотосуретшілерінің, бірнеше ай бойы мүмкіншілігі шектелген балалар мен олардың отбасымен фотосессия жүргізіп, суретке түсірген жұмыстарының нәтижесі. Көрменің мақсаты - даму ерекшелігі бар балалар өмірінің басқа дені сау балалардың өмірінен еш айырмашылығы жоқ екендігін көрсету. Бұл балаларда бақытты, сүйкімді де сүйікті!
Ашылу салтанатына «Денсаулық» балалар сауықтыру шипажайының тәрбиеленушілері, Сарань және Шахтинск қалаларынан келген қонақтар, фотосессияға қатысушылар өз ата-аналарымен, сонымен қоса Теміртау қаласы мүгедектерінің ерікті қоғамының және Теміртау қаласы білім Бөлімінің өкілдері қатысты.
Көрме Теміртау қаласы саңыраулар мәдениет Үйі және «Салауатты қоғам-2050» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен ашылды.
Ашылу салтанатында «Салауатты қоғам-2050» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігінің президенті және Теміртау қаласы білім Бөлімінің өкілі сөз сөйледі.