24 тамыз 2018 жылы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде "Табиғаттың ғажап жаратылысы" атты көрме ашылды.

Көрме Теміртау тарихи-өлкетану музейі қорының көркем өнер жинағында сақталатын 35 туындыдан тұрады. Бұл туындыларды біріктіріп тұрған: олардың авторларының шығармашылық, көркемдік қиялынан туған табиғаттың ғажап көрінісі.

Олар әр кезеңде, ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан 2000 жылдар аралығында жазылған шығармашылық жұмыстар. Бұл туындылардың барлығын кезінде авторлары музейге сыйға тартқан. Олардың біреуі өткен ғасырдың 80-ші жылдарында біздің қаламызда болған югославиялық делегациясының сыйлығы (Югославиялық Зеница қаласы Теміртау қаласының ағайынды қаласы саналған).

Көрмеде ұсынылып отырған туындылардың авторлары, суретшілер бүгінгі күнде де Теміртау қаласында мекендеп, қызмет етіп жүр. Бірақ өкінішке орай, бұл өмірден кеткендер де бар. Олардың шығармашылығы - қаламыздың көркем өнерінің дамуындағы өшпес із болып қалғанының айғағы. Олардың ішінде: Пильтихин Юрий Васильевич  ( 1957г.), Темирьянов Гафур Ахматович ( 1935г.), Малецкая Елена Владимировна ( 1974 г.), Подлесных Михаил Степанович, Бабий Степан Иванович (1944), Шпилевая (Пашкова) Наталья Михайловна (1960г.), Литвинов Александр Алексеевич ( 1960 г.), Щеголихин  Сергей Данилович. (1953 г. ), Коломенская Галина (1976 г.), Беглянов Сергей

Торохов Сергей Николаевич (1944 - 2011 гг.), Юдин Игорь, Осипенко Андрей Иванович (1927-2009гг.), Ирина Пономарёва – (1965 г.р.), Троценко Владимир - (1952 г.), Александр Пархоменко.

Суретшілердің шығармашылығы бояумен жұмыс жасаудың барлық әдістерін – біртегіс немесе бұлдыр көмескі акварельден сұңғаттық бедер майлы бояуға дейін толығымен көрсетеді. 

Көрменің ашылуына қала тұрғындары  келді.

Көрме 6 қыркүйек 2018 ж.  дейін өз көрермендері үшін ашық.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.