2018 жылдың 20 қыркүйегінде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Назар аударыңыз, сізді камера түсіруде!» атты сұхбат түрінде ашық іс- шара өткізілді. Бұл іс- шара біздің мемлекетімізде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың талабымен атап өтілетін Еңбек күніне арналды.
Музейде төрт жыл бойы «Мың түрлі мамандық» тақырыбында ұзақ уақытқа мақсатталған жоба жүргізіледі. Бұл жобаның мақсаты Теміртау қаласының тұрғындарына қаламызда сирек кездесетін маман иелері туралы айтып, олармен таныстыру. 2018 жылы жоба аясында мамандығы теледидармен байланысты адамдар жайында материалдар жиналды.
Жыл бойы жиналған материалдар: суреттер, құжаттар, марапаттар «Экранның екі қыры» атты экспозицияда көрсетілді. «Тележабдықтар» деп аталатын арнайы бөлімде, "43 телеканал" және "Сфера" телеканалдарында бағдарламалар жасау үшін қолданылған, 90-шы жылдардағы телеаппаратура ұсынылды, сонымен қатар «КВН», «Рекорд», «Радий» деп аталатын өткен ғасырдың ескі теледидарлары да орын алды.
«Музей телеканалы» интерактивтік бөлікте әркім өзін тележүргізуші ролінде сынап көрді.
Іс-шараның басты қонақтары - журналист Чуднецова Анжелика, видеооператор Пороховой Владимир, видеомонтажёр Жанна Карташова, телередактор Фролова Лидия өз кәсіби шеберліктерінің сырымен бөлісті. Іс-шараның өткізілу формасы «Мирас» колледжнің студенттері мен Теміртау Жастар клубының белсенділеріне кәсіби тұрғыда сұрақтар қойып, ой бөлісулеріне мүмкіндік берді.
Іс-шараға теміртаулық теледидар құрушылар Завацкий Евгений (43канал) және Пашин Игорь(ТВ-29) қатысты.