2018 жылдың 5 қазанында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде қостанайлық фотосуретші Иван Мармалидидің «Құрама сурет» атты жеке көрмесі ашылады.

Теміртауға фотосуретші өзінің ерекше түрде орындалған 38 туындысын алып келді. Ландшафтық түсірілімдер, табиғат суреттемелер, сәулеттік композициялар, бейне суреттер – осының бәрін ақ-қара және түрлі түсті суреттерден көруге болады. Экспозицияда, әр түрлі уақыт аралығында жасалған, "Бейнелер", "Аяқ астындағы әлем", "Сәулет", "Менің Отаным Торғай", "Jazz Bomond" сериясының суреттері орын алды.

Көрменің ашылу салтанатында Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Деспина Касапиди, Әкімшілік және қаламыздың шығармашылық бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйледі.

Көрмені қаламыздың суретшілері мен фотосуретшілері, жастар клубының мүшелері, Политехникалық колледждің студенттері көріп тамашалады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.