2018 жылдың 23 қазанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлік ассоциациялар» жобасының аясында «Сандалдағы тарихтар» атты экспозиция ашылды.
Алты айдың ішінде музей «Әжелеріміздің балалық шағы» тақырыбында қалалық акция жүргізді, нәтижесінде 95 жәдігер және көптеген балалар туралы оқиғалар жиналды. Жиналған материалдыңдың және қор жинағының негізінде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде «Сандалдағы тарихтар» экспозициясы ұйымдастырылды. Экспозицияның тақырыбы, жиналған оқиғаларда, заттарда баяндалған тарихтардың кейіпкерлері сандал киіп жүрген балалық шақтан шығады.
Балалардың қызығушылығын және жиналған заттарды талқылай келе экспозиция 3 бөлімге бөлінді:
- Бірінші бөлім бірнеше ұрпақтан өткен көше ойындарына арналды. Келушілердің біразы «құпиялардың» не екенін есіне алып, ал жастар болса танысып жатты.
- Екінші бөлімде теміртаулықтар дүкендерден сатып алған немесе өздері қолдан жасаған үстел ойындары көрсетілді. Интерактивтік бөлімде келушілер «Жылан» "Тетраэдром" деген сияқты заттарға басын қатырып, қағаздан кеме жасап үйренді.
- Үшінші бөлім құпиялар мен үрейлерге толы «Әженің шкафы» атты инсталляция. Шкаф көбіміз үшін тығылыспақ ойнайтын сүйікті жерлердің бірі. Ата-аналар балаларды жалғыз қалдырып кетсе, шкаф бір сиқырлы әлемге айналатын. Экспозициядағы шкаф баллалық шаққа тап болуға мүмкіндік беретін интерактивтік сәттерге толы. Аналарымыздың киімдерін киіп көріп естелік суретке түсесіз. Сонымен қатар, әрбір келуші шкафта балалардың түсінігіндегі қарапайым заттарды балалар «лайфхактарын» таба алады.
Жиналған материалдардың басы біріктіріліп, теміртаулықтардың естеліктерінен тұратын кітапша басылып шығарылды.
Іс-шараға ҚМИУ 2-ші курс студенттері, қала тұрғындары, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты. Ашылу барысында келген қонақтар теміртаулықтардың бірнеше ұрпақтағы балалар оқиғаларымен, ойыншықтарымен, үстел ойындарымен және көше ойындарымен танысты.