2019 жылы 26 қаңтарда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Арт-шатыр» кескіндеме студия оқушыларының «Шатырда сурет салатын Карлсон» атты алғашқы көрмесінің ашылуы өтті.
Салтанатты түрде жасы 6-дан 17-ге дейінгі жас суретшілер қызыл таспаны кесіп, өздерінің алғашқы көрмесін ашты. Келген қонақтар көруге тұрарлық 53 туындыны тамашалады. Бұл жас суретшілердің үш жыл бойғы кескіндеме студиясындағы еңбектері.
Туындылар – әр түрлі тақырыптағы портреттер, натюрморттар, коллаждар, акварельмен, майлы бояумен, пастельмен жазылғандар да бар.
Ашылу салтанатында «Арт-шатыр» кескіндеме студиясының педагогтары Ольга Павлова мен Эсли Елизавета, көрменің қатысушылары мен олардың ата-аналары жылы лебіздерін білдірді.