Бәріміз жақсы көретін қысқы мереке қарсаңында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі жаңажылдық сайыс жариялайды.
Сайыс үш номинацияда өтеді:
«Тарихы бар жаңажылдық сыйлық» номинациясында естелік ретінде қастерлеп сақтап жүрген қайталанбас қызықты тарихы бар нағыз сыйлықтар сайысқа түседі;
«Креативтік жаңажылдық сыйлық» номинациясында қол өнер шығармашылығының әр түрлі техникасында, түрлі материалдан (киіз, пластик, тері, қағаз, сазбалшық және т.б.) жасалған Арт – сыйлықтар сайысы өтеді;
« Креативтік сыйлыққа арналған «киім»» номинациясында сыйлыққа арналған қолдан жасалған ерекше бір орауыш, қа птамалар сайысы өтеді. Кез келген техникада, кез келген материалдан жасауға болады.
Егер сізде әрі әсерлі әрі қисынсыз, көңілді және салтанатты-романтикалық толқындағы идеялар толы болса, онда бізге асығыңыз!
«Жаңажылдық сыйлықтар»
көрме –сайысын өткізу бойынша
Ереже
1. Жалпы ереже.
- 1 «Арт – жаңа ашылу» жобасы шеңберінде өткізілетін Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жаңажылдық сыйлық» сайыстық көрмесі.
- 2 Көрме ұйымдастырушысы «Теміртау қалалық тарихи – өлкетану музейі»КМҚК.
1.3 Көрме-сайысының тақырыбы «Жаңажылдық сыйлық».
1.4 Көрме қала тұрғындарының шығармашылық белсенділігін арттыру,
дарынды тұлғаларды жарыққа шығару, және олардың шығармашылық
мүмкіншіліктеріне қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
2. Сайыс кейіпкері және қатысушылар.
2.1 Сайыс үш номинацияда өтеді:
«Тарихы бар жаңажылдық сыйлық» номинациясында естелік ретінде қастерлеп сақтап жүрген қайталанбас қызықты тарихы бар нағыз сыйлықтар сайысқа түседі;
«Креативтік жаңажылдық сыйлық» номинациясында қол өнер шығармашылығының әр түрлі техникасында, түрлі материалдан (киіз, пластик, тері, қағаз, сазбалшық және т.б.) жасалған Арт – сыйлықтар сайысы өтеді;
«Сыйлыққа арналған креативтік «киім»» номинациясында сыйлыққа арналған қолдан жасалған ерекше бір орауыш, қаптамалар сайысы өтеді. Кез келген техникада, кез келген материалдан жасауға болады.
2.2 Көрмеге қалауынша кез келген адам қатыса алады. Жас шамасы шектелмеген.
2.3. Сайыс үш жас шамасында өтеді: 6 жастан 11 жасқа дейін, 12 жастан 18 жасқа дейін, 19 жастан және жоғары.
3. Шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптар.
3.1 Жұмыстар тақырыпқа сай болуы қажет.
3.2 Жұмыстар аты-жөні, жасы, байланыс телефоны, мектеп нөмері немесе шығармашылық студиясының атауы көрсетілген этикеткамен қабылданады.
Қателік жібермеу үшін этикетка компьютерде басылуы қажет.
3.3 Этикеткалар жасалған заттардан бөлек, қағазға жазылып тапсырылады.
3.4 Жасалған зат іліну керек болса, оның бекітілетін құрылғысы болуы қажет.
3.5 Жасау материалы мен техникасы шектелмейді.
- 4. Жұмыстарды ұсыну тәртібі
4.1 Жасалған заттар 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін, Металлург 28/4 мекен-жайында орналасқан «Теміртау қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК, сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін қабылданады, байланыс телефоны: 93-19-05.
Музей сайты: http://museum.temirtay.kz
Көрме кураторы: Аликеева Лейла Сапарғазықызы тел: 8 775 293 0330, 4.2 Көрме-сайыстың ашылуы 2016 жылдың 23 желтоқсанында сағат 11.00-де Металлург 28/4 мекен-жайында орналасқан «Теміртау қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-да өтеді, байланыс телефоны: 93-19-05.
- 5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
5.1 Жұмыстарды қорытындылау 2017 жылдың 13 қаңтарында сағат 16.00-де
Металлург 28/4 көшесінде орналасқан Теміртау тарихи – өлкетану
мұражайында өткізіледі.
5.2 Жеңімпаздар кіріс билетке нөмірлерін жазып, әр жас тобында бір реттен
дауыс беру арқылы анықталады.
5.3 Көрермен әр категориядағы бір жұмысқа (3) дауыс бере алады.
5.4 Жұмыстар келесі белгілер бойынша бағаланады:
5.5 Барлық қатысушыларға сайысқа қатысқаны туралы Сертификаттар ұсынылады. Жеңімпаздар «Креатив шебері» дипломымен және сыйлықтармен марапатталады.
5.6 Жұмыстар көрме аяқталғаннан кейін авторларына қайтарылады. Ең жақсы жұмыстар мұражайдың бейнелеу өнері бөліміне енгізіледі.