«Теміртау қалалық

тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

аға ғылыми қызметкер

Трещёва С.П.

Биыл атақты Теміртаулық суретші Подлесных Михаил Степановичтің туғанына 100 жыл толады. Дарынды суретші, шығармашылық адамдардың шоқ жұлдызын тәрбиелеген керемет мұғалім, майданда болған, бірақ соғыс туралы ешқашан сурет салмаған адамды еске алайық. Ол Теміртау мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Қаланың Құрметті азаматы» атағын алған жалғыз адам.

Оның өмірі Теміртау қаласымен тығыз байланысты, дегенмен ол Липецк облысының Чаплыгин қаласында дүниеге келген. 30-шы жылдары отбасымен бірге қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстанға арнайы қонысқа жер аударылды.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Волхов және Ленинград майдандарында соғысқан. Жараланған, он бір жауынгерлік марапаты бар.

Соғыс жылдарында сурет салуға деген құштарлығы пайда болды. Ол 36-шы қосалқы атқыштар дивизиясында суретші-безендіруші болып жұмыс істеді. Ол 1945 жылы Ленинград майданының майдангер суретшілерінің көрмесіне қатысты.

Соғыстан кейін үш жыл Ленинградтық И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтында оқыды. Бірақ тағдырдың қалауымен 1950 жылы Теміртауға келді. Өмірінің 65 жылы өткен бұл қала ол үшін шынымен туған қалаға айналды.

Михаил Степанович қаланың көркемдік өмірінің бастауында тұрды. Қазақ металлургия зауытында суретші-дизайнер болып жұмыс істей жүріп, көркемөнерпаз суретшілердің алғашқы қалалық көрмесін ұйымдастырып, өз жұмыстарын да көрсетті.

Ол көркем өнер білімін дамыту үшін көп жұмыс жасады. Мұның бәрі Металлургтер мәдениет сарайындағы жас суретшілердің бейнелеу өнер үйірмесінен басталды. Кейін үйірме студияға айналды. Ал суретші оның жетекшісі болды. 40 жыл бойы ол көркемсурет студиясын басқарды. Дайындықтың жоғары деңгейінің арқасында Михаил Степановичтің 80 - нен астам оқушысы дипломды суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер қатарынан көрінді - Қуат Асқаров, Александр Болюх, Юрий Пильтихин, Сергей Торохов, Богза Евдокия және басқалары. Оның шәкірттері өздерінің ұстазын зор ризашылықпен еске алады.

Михаил Степановичті Теміртау қаласының суретші шежірешісі деп атауға болады. Ол Қарағанды металлургия комбинатына арналған индустриалды тақырыпта көптеген туындылар жазды. Оның кескіндемесінің айрықша ерекшелігі - деректілік, өйткені суретші тікелей табиғаттан жазуды ұнататын, пленэрлерге баратын. Ол Магнитканың айналасында көптеген шақырымды кезіп жүріп, оны қарындашпен және қылқаламмен зерттеді. Бұл туындылардың сюжетінің сенімділігіне ықпал етті. Осы шығармашылық жұмыстардың арқасында біз Теміртаудың индустриалды ландшафтының жыл сайынғы өзгерісін көре аламыз.

Оның өзі былай деген: «Теміртауда тұратын адам ретінде, даңқты қаламыз туралы өз шығармаларымда айтарым бар. Мен Магнитканың тынысын сезінуге және оны суреттерімде бейнелі түрде көрсетуге тырысамын».

Ол әрқашан Теміртаудың өркендеуін, мәдени дамыған қала болуын армандаған. Михаил Степанович қалада музей ашудың бастамашыларының бірі болды. Және ашылғаннан кейін де әрқашан қолдау көрсетіп, оның өміріне қызығушылық танытты. Мүмкіндік пайда болған кезде өз суреттерін сыйға тартты. Олар Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің көркем сурет жинағының негізгі қорына енді.

Суретші ретінде ол әрдайым классикалық сурет салу тәсіліне ұмтылды, әсіресе суретші пейзаж мен натюрмортты салғанды ұнататын. Соғыс, адам азаптары тақырыбында жаза алмады, өйткені ол өзі зардап шеккен, жараланған, аязда үсіп қалған аяқтарын емдеген. Бұл естеліктер оған тым ауыр тиетін.

Шығармашылық қызметі жылдарында суретші көптеген көрмелердің, соның ішінде республикалық және бүкілодақтық көрмелердің қатысушысы болды. Оның туындылары Мәскеуде, Ленинградта, Алматыда, Қарағандыда көрсетілді.

Жемісті еңбегінің арқасында бірнеше жеке көрмесі өткізілді. Бес жеке көрме. Оның әрқайсысында сүйікті қалаға арналған туындылар, жүрек қалаған табиғат көріністері, ерекше ұнайтын натюрморттар, портреттер де болды.

Михаил Степанович 2015 жылы қайтыс болды, бірақ ол туралы естелік шәкірттерінің, онымен араласқан адамдардың, туыстары мен жақындарының жүрегінде мәңгі сақталып қалды. Әрине, оның жеке жинақтағы және музейлерде сақталған суреттерінің арқасында.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.