«Теміртау қалалық

тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

аға ғылыми қызметкер

Трещёва С.П.

Биыл Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толады. Оны шын мәнінде халық суретшісі деп атауға болады.

Қазақ малшысының кедей отбасында дүниеге келген Әбілхан әкесінен ерте айырылып, мұқтаждықты, еріксіз еңбектің ауырлығын сезініп, жергілікті байдың қолында малшы болып жұмыс істеген. Бірақ ол әрқашан сурет салуға талпынды. Ол өзінің алғашқы суреттерін жалпақ тас тақтайшаларда, қағазда салды.

1927 жылы Ә. Қастеев Түрксіб құрылысына келді. Бірақ сурет салуын тоқтатпады. Суретшілер туралы да, кәсіби сауаттылықты үйрену мүмкіндігі туралы да ештеңе білмей, ол қалай көрді солай сала берді және мүмкіндігінше көп сурет салды. Оның сурет салуға бейімділігін құрылыс саласының басшылығы байқап, дарынды жігітті Алматыға оқуға жіберді.

Сол кезде қалада реалист суретші Николай Хлудов жұмыс істеді. Оның студиясында Әбілхан бояулармен және кенептермен жұмыс жасау, кескіндеме негіздері бойынша алғашқы білім мен дағдылар алды, классиктердің шығармашылығымен танысты. Бұл оның тағдырын түпкілікті анықтады. Ол өз таңдауын жасады, суретші боламын деп шешім қабылдады.

Әбілхан Қастеев Мәскеуге екі рет оқуға жіберілді, бірақ жағдайлар оған елордада кәсіптік білім алуға мүмкіндік бермеді. Ол әрине қатты өкінді. Дегенмен, оны сурет салумен үстірт айналысты деп айтуға болмайды. Әбілхан өте дарынды және еңбекқор еді. Алматыға оралып, суретші ретінде жұмыс істей бастады.

Ә. Қастеевтің алғашқы шығармашылығындағы ең үздік жетістігі портрет болды. Ол осы жанрда жасаған туындылары суретшінің жоғары шеберлігін көрсетеді. Олардың түпнұсқаға ұқсастығын ғана емес, сонымен қоса бейнеленген кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне терең үңілуін де көрсетеді. Уақыт өте келе суреттердің тақырыбы айтарлықтай кеңейеді. Ол тарихи тақырыптарда, жанрлық туындыларда көптеген кенептер жасайды. Оның еңбектерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік, жүрегіне жақын адамдарға деген құрмет, адам өмірінің қарапайым көріністеріне деген қызығушылық байқалады.

1937 жылы ол суретшілер Одағына қабылданды. Ал 1942 жылы Алматыда Әбілханның алғашқы жеке көрмесі өтті. Оның барлық өнері рухы, мазмұны және дүниетанымы жағынан ұлттық нақышта болды, сондықтан 1944 жылы ол «Қазақ КСР Халық суретшісі» атағына ие болды.

Ә. Қастеев - нақты сюжетті суреттер салуға дағдыланған суретшілердің бірі. Ол көп саяхаттады, эскиздер, сюжеттік суреттемелер жасады. 1956-60-шы жылдары суретші «Қазақстан жерінде» атты акварельдер сериясын жасайды. Бұл серияға теміртаулықтарға өте жақын «Теміртаудағы бөгет» туындысы кіреді, өйткені ол біздің қаламызға арналған. Бұл индустриалды ландшафт, алдыңғы қатарда бөгет, ал алыста металлургия зауыты және Самарқанд су қоймасының айнасы бейнеленген. Соншалықты жақын, танымал жерлер.

Өз өмірінде Ә. Қастеев көптеген туындылар жасады. Оның өнері үздіксіз дамыды. Өмірінде шығармашылық үзілістердің болған кездерін атап өту мүмкін емес. Ерекше еңбекқор адам болды. Қазір Ә. Қастеевтің шығармалары оның есімімен аталатын өнер музейінде жинақталған. Ол қазақ бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосқан бірегей тұлға, дарынды суретші.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.