2020 жылдың 28 ақпанында Алғыс күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ана - жер ана» атты іс- шара өтті.
Іс-шара екі экспозициялық аймақта өтті. Қазақстан халқының бірлігі залында қатысушылар «Тағдыр дөңгелегі» экспозициясымен танысты. Бұл жерде Теміртаудың көпэтностылығы қалыптасуының бір қыры бейнеленген. Экспозицияның орталық бөлігінде - достық пен бауырластықтың символы ретінде ұлттық киімдегі жеті фигура орналасты. Көптеген диаспоралардың өкілдері костюмдерін киіп, би билеп тұрғандай. Ұлттық киімдегі жеті фигура - достық пен бауырластықтың символы. Ал барлық экспозицияның орталығы – тіреуіш пен дөңгелекке берік бекітіліп тұратын шаңырақ. Дөңгелек, тарихи жолдың символы ретінде - адамдарды, түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына әкелген жол. Мұнда түрлі ұлт өкілдерінің материалдық мәдениетін көрнекі көрсететін жәдігерлер, сондай-ақ қала тұрғындарының ұлттық құрамын қалыптастыру статистикасын растайтын архивтік құжаттар орналасқан.
Теміртау қаласының тарихы залында мультимедиялық форматтың арқасында қатысушыларға ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанға жер аудару бойынша материалдар ұсынылды. 1937 жылдан бастап – корей халқының жер аударылуының бірінші толқыны және 1944 жылы шешендер мен ингуштердің жер аударылуымен аяқталады. Тұсаукесерде «Алжир», «Вера», «Жерұйық» фильмдерінен үзінділер қолданылды.