Хабарландыру

Конкурстар

Мектептер үшін

Бағдарламалар

Экскурсиялар

Сіздерді Теміртау тарихи-өлкетану музейінің сайтында көруге қуаныштымыз!

 

dir

Бұл жерде сіздер экспозициялар мен іс-шаралар туралы ақпарат алып, музей қызметіндегі жаңалықтармен танысып, көкейкесті сұрақтарға жауап аласыздар. Сайттағы ақпаратпен танысып, музейге келуге асығасыздар деген үміттеміз.

Тақырыпты ұсынудың классикалық әдісін ойын-сауық элементтерімен, жадыңызда сақталып қалатындай, араластыра жасалған, заманауи сұранысқа сай инсталляция -экспозияларыТеміртау музейінің ерекшелігіне айналды. Тарихи оқиғалар туралы тек қана біліп қоймай, өзіңізді сол оқиғалардың қақ ортасында жүргендей сезінесіз.

Назар аударыңыз! Біздің музейде экспозициялар ай сайын ауысып тұрады.

Музейде барлығы, әркім жас шамасына қарай, қызығушылық табатындай жасалған. Музейдің барлық залында «көрдің-естідің- ал енді қолмен жасап көр» деген қағидамен жұмыс жасайтын интерактивтік зоналар бар. Бұл сізге және сіздің балаларыңызға дене түйсігі арқылы сезіну, көркемдік –эмоционалдық тұрғыда ұғыну, сонымен қатар экспонаттармен өз бетінше жұмыс жасай отырып сол ортаға ену сияқты дүние танудағы түрлі жолдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Музей қызметіндегі басты бағыттардың бірі – бұл музейлік педагогика.

Бүгінде біз  «музейдегі сабақ»,  онлайн сабақтар, музейлік білім беру бағдарламалары мен театр элементтері қосылған музейлік мерекелер сияқты жұмыстың жаңа түрлерін белсенді қолданудамыз. 

Теміртау музейінің тағы бір ерекше ашылымы, қала тұрғындарымен қатар облыс тұрғындары да қатысатын, «Музей қалашығы» және «Экспонат салтанаты» атты қалалық акциялар. Музей алдындағы ашық алаңда өтетін бұл іс-шаралар ойын –сауықпен қатар музей қызметі бағытындағы барлық элементтерді қамтиды.

Мүмкіншілігі шектелген балаларға арнап «Музей бәріңіз үшін» бағдарламасы ашылды. Бұл бағдарламаның мақсаты  балаларға берілетін ақпарат көлемін ойын түрлерін қолдана отырып кеңінен жеткізу.

Музейге келіңіздер, дос болайық. Ал біз, осы достығымыз ұзақ әрі баянды болу үшін қолымыздан келгенін аямаймыз!

Құрметпен Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің директоры Скорикова Наталья Дмитриевна!

2021 жылдың 15 ақпанында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» атты экспозиция ашылды. Бұл жолы экспозиция Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне арналды. Музейде 1969 жылғы үлгідегі Кеңес Армиясы әскери қызметшілерінің КСРО-ның ыстық аудандарында киетін армиялық панамасы ұсынылды.

Армиялық панамалар 1935 жылдан бастап Кеңес армиясының әскери қызметшілерінің формасының элементі болды, алайда 1969 жылғы үлгідегі панаманың кейпі Кеңес Одағының Ауғанстандағы соғысқа (1979-89 жж.) қатысуымен байланысты. Мұндай панамаларды әскери қызметшілер Орта Азия және Түркістан әскери округтеріндегі оқу бөлімдерінде, содан кейін Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде киді.

1980 жылдардың ортасынан бастап, 1969 жылғы үлгідегі әскери формаға қатысты көптеген шағымдарды ескере отырып, Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің формасы ауыстырыла бастады. Оның ішінде бас киім де өзгерді: армиялық панама фуражкаға ауыстырылды.

Панама тығыз мақта матадан тігілген, ауа өткізетін саңылаулары бар, иек белбеуі бар. 1988 жылы Ташкент қаласындағы Ахунбабаев атындағы бас киімдер фабрикасында жасалған.

Әскери панаманы 1990 жылы музей қорына Теміртау қаласы әскери комиссариаты командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары В. Г. Бодрягин тапсырды.

Экспозицияның ашылуы Instagram тікелей эфирінде өтті. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

 

Видео о музее

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі туралы бейнематериал.

1424 2 kz  1424 3 13 каз08022019172508

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.