Хабарландыру

Конкурстар

Мектептер үшін

Бағдарламалар

Экскурсиялар

Сіздерді Теміртау тарихи-өлкетану музейінің сайтында көруге қуаныштымыз!

 

dir

Бұл жерде сіздер экспозициялар мен іс-шаралар туралы ақпарат алып, музей қызметіндегі жаңалықтармен танысып, көкейкесті сұрақтарға жауап аласыздар. Сайттағы ақпаратпен танысып, музейге келуге асығасыздар деген үміттеміз.

Тақырыпты ұсынудың классикалық әдісін ойын-сауық элементтерімен, жадыңызда сақталып қалатындай, араластыра жасалған, заманауи сұранысқа сай инсталляция -экспозияларыТеміртау музейінің ерекшелігіне айналды. Тарихи оқиғалар туралы тек қана біліп қоймай, өзіңізді сол оқиғалардың қақ ортасында жүргендей сезінесіз.

Назар аударыңыз! Біздің музейде экспозициялар ай сайын ауысып тұрады.

Музейде барлығы, әркім жас шамасына қарай, қызығушылық табатындай жасалған. Музейдің барлық залында «көрдің-естідің- ал енді қолмен жасап көр» деген қағидамен жұмыс жасайтын интерактивтік зоналар бар. Бұл сізге және сіздің балаларыңызға дене түйсігі арқылы сезіну, көркемдік –эмоционалдық тұрғыда ұғыну, сонымен қатар экспонаттармен өз бетінше жұмыс жасай отырып сол ортаға ену сияқты дүние танудағы түрлі жолдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Музей қызметіндегі басты бағыттардың бірі – бұл музейлік педагогика.

Бүгінде біз  «музейдегі сабақ»,  онлайн сабақтар, музейлік білім беру бағдарламалары мен театр элементтері қосылған музейлік мерекелер сияқты жұмыстың жаңа түрлерін белсенді қолданудамыз. 

Теміртау музейінің тағы бір ерекше ашылымы, қала тұрғындарымен қатар облыс тұрғындары да қатысатын, «Музей қалашығы» және «Экспонат салтанаты» атты қалалық акциялар. Музей алдындағы ашық алаңда өтетін бұл іс-шаралар ойын –сауықпен қатар музей қызметі бағытындағы барлық элементтерді қамтиды.

Мүмкіншілігі шектелген балаларға арнап «Музей бәріңіз үшін» бағдарламасы ашылды. Бұл бағдарламаның мақсаты  балаларға берілетін ақпарат көлемін ойын түрлерін қолдана отырып кеңінен жеткізу.

Музейге келіңіздер, дос болайық. Ал біз, осы достығымыз ұзақ әрі баянды болу үшін қолымыздан келгенін аямаймыз!

Құрметпен Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің директоры Скорикова Наталья Дмитриевна!

2021 жылдың 16 қыркүйегінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Деректі куәгерлер. Қазақстандағы XX ғасырдағы жазба тарихы» экспозициясының ашылуы өтті.

Көрермендер назарына латын әліпбиін қолдана отырып, қазақ тілінде жазылған сирек кездесетін құжат ұсынылды.

1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде, қолданылатын жазу таңбаларын нақтыламай бекітеді.

Бүгінде қазақ жазбасы дамудың жаңа кезеңіне – латын қарпіне көшуге бет бұруда. Біздің тарихымызда бір әліпбиден екінші әліпбиге көшу орын алған.

VII-VIII ғасырларда Араб халифатының Орталық Азияда исламның таралуы үшін көп жылдар бойы жүргізген соғыстың нәтижесінде араб жазуы Орта Азия мен Қазақстанда рухани және зайырлы мектептерде, ресми хат алмасуда қолданылды.

ХХ ғасырға қарай араб өрме жазуының кемшіліктері ерекше айқын болды, ең бастысы, ол қазақ тілінің фонетикалық алуан түрлілігін жеткізе алмады.

1926 жылдың Бірінші Бүкілодақтық түркітану съезінде көпшілік дауыспен жаңа заманауи әліпбиді әзірлеу туралы шешім қабылданды. Көптеген пікірталастардан кейін 1929 жылы Қазақ жазбасын латын қарпіне көшіру жүзеге асырылды.

1940 жылы Қазақстанда барлық кеңес халықтарын кириллицаға аудару саясатының салдарынан жаңа әліпби қабылданды.

Бүгінгі ауысуға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қою арқылы бастамашы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық кеңістік үнемі өзгеріп отыратынын бірнеше рет атап өтіп, бұл бастаманы қолдайтынын білдірді. Латын қарпіне көшу жас ұрпақтың жаңа болмысқа органикалық түрде енуіне көмектеседі.

 

Видео о музее

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі туралы бейнематериал.

1424 2 kz  1424 3 13 каз08022019172508

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.