Хабарландыру

Конкурстар

Мектептер үшін

Бағдарламалар

Экскурсиялар

Сіздерді Теміртау тарихи-өлкетану музейінің сайтында көруге қуаныштымыз!

 

dir

Бұл жерде сіздер экспозициялар мен іс-шаралар туралы ақпарат алып, музей қызметіндегі жаңалықтармен танысып, көкейкесті сұрақтарға жауап аласыздар. Сайттағы ақпаратпен танысып, музейге келуге асығасыздар деген үміттеміз.

Тақырыпты ұсынудың классикалық әдісін ойын-сауық элементтерімен, жадыңызда сақталып қалатындай, араластыра жасалған, заманауи сұранысқа сай инсталляция -экспозияларыТеміртау музейінің ерекшелігіне айналды. Тарихи оқиғалар туралы тек қана біліп қоймай, өзіңізді сол оқиғалардың қақ ортасында жүргендей сезінесіз.

Назар аударыңыз! Біздің музейде экспозициялар ай сайын ауысып тұрады.

Музейде барлығы, әркім жас шамасына қарай, қызығушылық табатындай жасалған. Музейдің барлық залында «көрдің-естідің- ал енді қолмен жасап көр» деген қағидамен жұмыс жасайтын интерактивтік зоналар бар. Бұл сізге және сіздің балаларыңызға дене түйсігі арқылы сезіну, көркемдік –эмоционалдық тұрғыда ұғыну, сонымен қатар экспонаттармен өз бетінше жұмыс жасай отырып сол ортаға ену сияқты дүние танудағы түрлі жолдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Музей қызметіндегі басты бағыттардың бірі – бұл музейлік педагогика.

Бүгінде біз  «музейдегі сабақ»,  онлайн сабақтар, музейлік білім беру бағдарламалары мен театр элементтері қосылған музейлік мерекелер сияқты жұмыстың жаңа түрлерін белсенді қолданудамыз. 

Теміртау музейінің тағы бір ерекше ашылымы, қала тұрғындарымен қатар облыс тұрғындары да қатысатын, «Музей қалашығы» және «Экспонат салтанаты» атты қалалық акциялар. Музей алдындағы ашық алаңда өтетін бұл іс-шаралар ойын –сауықпен қатар музей қызметі бағытындағы барлық элементтерді қамтиды.

Мүмкіншілігі шектелген балаларға арнап «Музей бәріңіз үшін» бағдарламасы ашылды. Бұл бағдарламаның мақсаты  балаларға берілетін ақпарат көлемін ойын түрлерін қолдана отырып кеңінен жеткізу.

Музейге келіңіздер, дос болайық. Ал біз, осы достығымыз ұзақ әрі баянды болу үшін қолымыздан келгенін аямаймыз!

Құрметпен Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің директоры Скорикова Наталья Дмитриевна!

2018 жылдың 18 сәуірінде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан Магниткасы – бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы» тақырыбында  интерактивтік тарихи қайта жаңғыру өткізілді.

Алғаш рет Қазақстан Республикасы мен Теміртау қаласының тарихы қайта жаңғырды. 1958 жылы сәуірде БЛКЖО 13 съезінде Қарағанды металлургиялық зауытының құрылысы Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды! Мыңдаған қыздар мен жігіттер комсомол үндеуіне құлақ түріп, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстандық Магниткаға жол тартты. Жас құрылысшылардың күшімен жас қала мен республикамыздың қара металлургия алыбының кірпіші қаланды, бұл жағдай қала тұрғындарының ұлттық құрамының сан-алуан болуына себебін тигізді, Президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолының бастамасына айналды.

Реконструкцияның алғашқы қатысушылары 1950-шы жылдарға тап болып, өздерін Қазақстан Магниткасының құрылысшыларындай   сезінді. Қорда сақталатын суреттер және бейне материалдарға сүйене отырып, музей қызметкерлері бес тарихи аймақ: "Комсомол комитеті", "Хрущевка", "Шатырлы қалашық", "Құрылыс алаңы" және "Жазғы кинотеатр". Бір экскурсияның барысында музейге келушілер 1950-шы жылғы комсомол жастарының жолымен жүріп өтті: комсомолдық жолдама алып, жолға шабадан жинап, шатырлы қалашықта орналасып, жаңа маман иесі атанып, социалистік жарыстарға қатысып, жазғы кинотеатрға барып демалады. Оқиғаның қайта жаңғыруында музей жәдігерлері мен 1950-шы жылдардағы Теміртаудың тарихи хроникасы қолданылды!

Тарихи қайта жаңғыруда колледж студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.  

 

Видео о музее

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі туралы бейнематериал.

1424 2 kz  1424 3 13 каз08022019172508

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.