2022 жылдың 25 қаңтарында балалар жылына арналған «Балалық шақтан» атты интерактивті экспозиция ашылды.

Экспозицияда ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдарындағы теміртаулық балалардың өмірі туралы түсінік беретін ммузейдің қор коллекциясындағы фотосуреттер мен жәдігерлер пайдаланылды.

Ашылу салтанатына «Менің үйім» даму және әлеуметтік көмек орталығынан отбасылар (балалары бар ата-аналар) шақырылды. Оларға салтанатты түрде әрқайсысына балалар жылына арналған барлық іс-шаралар мен көрмелердің символы ретінде музей арнайы әзірлеген эмблема табыс етілді.

Интерактивті экспозиция өткен ғасырдың 50-90-шы жылдарындағы балалық шақтың әртүрлі қырын көрнекі түрде көруге және танымдылық процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Қонақтар түрлі аймақтарда болып, шығармашылық тапсырмаларды орындады:

  • «Балалар тарихы. Теміртау» аймағында теміртаулық балалардың бірнеше ұрпағының фотосуреттерін, сол кездегі танымал болған балалар ойыншықтарын көріп, кішкентай теміртаулықтардың өмірінен алынған шынайы оқиғалармен танысты: Ұлы Отан соғысы жылдары майданға қалай көмектесті, Теміртау қаласына қалай атау берді, қаза болған жерлестердің есімдерін табу, Теміртау трамвайына қаражат жинауы және басқа да көптеген «балалар» тарихи оқиғалары ұсынылды.
  • «Балалар тарихынан алынған зат» - музей құпиялары әлемі» аймағында музейдің қор жинағындағы заттардың көмегімен кітаптың атауы табылды.
  • «Менің аулам» 3D суреті - аймағында 70-80 жылдардағы балалардың көше ойындарымен танысты. Қатысушылар сол жылдардағы киім мен ойыншықтарды көрді. Олар «құпияны» қалай жасау керектігін біліп, «классик», «резеңке» деп аталатын сүйікті ойындарын ойнады.
  • «Ересектерге кіруге тыйым салынады» деген жерде олар балалар бөлмесінің инсталляциясын көрді, қолтаңбаларын қалдырып, бөлмені жасауға үлес қосты.
  • «Балалар шеберханасы» аймағында - балалар ата-аналарымен бірге нағыз кеңестік - лайф-хактармен танысты - шүберектен қуыршақ жасады, ұшақ, шартылдақ, қағаздан қайық жасап, безиборд ойнады.
  • «BOOKHOUSE» аймағында - қонақтар музей қорында сақталатын ескі кітаптар жинағымен танысты, олардың көпшілігіне 60 жылдан астам уақыт болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн