2022 жылдың 7 маусымында Бала жылы аясында «Ертегі әлемінде» атты интерактивті бағдарлама басталды.

Клио Құдайының грифелі жасырылған сандықтың кілтін табу үшін ойынға қатысушылар жолкөрсеткіш картасы арқылы ертегі әлеміне тап болады.

Бірінші аймақта оларды Шығыс ертегісінің кейіпкері Али баба қарсы алады. Алтын толы сөмкені алу үшін балалар бірнеше тапсырмаларды орындайды: жәдігерлерді ертегілердің суреттерімен салыстырады, жұмбақтардың жауаптарын квадрописцтің көмегімен жазады, ертегілердегі  музыканы табады.

Екінші аймақта оларды айлакер Алдар Көсе қарсы алады. Балалар асық ойнайды, нағыз көшпелілерге айналады: эжәдігерлерге сәйкес құстарды ұстайды және ертегі кейіпкерлерін табады. Тапсырмаларды орындап торсық алады, сосын Мыстан кемпірге аттанады.

Мыстан кемпір сөмке мен торсықты алады. Бірақ Алдар барлығын алдап, бос торсықты береді, ал балалар өмір сусынының рецептін іздейді, Мыстан кемпірмен бірге сусын дайындайды. Айнадағы кескінді оқып, қара қораптағы жәдігерлерді табады. Мыстан кемпір сусын ішкеннен кейін оларға сандықтың кілтін қайтарып беруді шешеді.

Балалар Клио құдайына кілтпен аман-есен оралып, оған грифелді қайтарады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.