2022 жылдың 17 маусымында «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде Қазақстандағы Балалар жылына арналған «Ұқыптылық қуыршағының тарихы» атты экспозицияның ашылуы өтті.

Бұл оқиға жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Мәскеудегі «Кругозор» ойыншықтар зауытында, «Нина» деп аталатын серуендейтін қуыршақтардың алғашқы партиясы жарық көрген кезде пайда болды. Қуыршақ дененің ішіне жасырылған арнайы механизм оны ерекше етті, соның арқасында қуыршақ жүре алады.

Осындай қуыршақтың бірін Ленинградтан, қазіргі Санкт-Петербургтен қарағандылық Пескунов Валерий Владимирович сатып алып, сүйікті кіндік қызына сыйлық ретінде алыс Қазақстанға алып кетті. Қыз өсіп, сүйікті ойыншығын Теміртау қаласының маңындағы пионер лагеріне тапсырды.

80-ші жылдары Самарқанд су қоймасының оң жағалауында, қалалық кәсіпорындардың көмегінің арқасында, «Кіші Артек» деп аталатын пионер лагерлері орналасты. 13 пионер лагері әр жаз сайын Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен мыңдаған балаларды қабылдады.

Әрбір лагерьде тазалықты сақтаудың ерекше жүйесі болды. «Чайка» лагерінде санитарлық бақылау мұқият қадағаланды. Әдетте ол әр отрядтың өкілінен және медициналық қызметкерден тұрды. Күн сайын таңертең санитарлық бақылау тобы  ғимараттар мен аумақтың тазалығын тексерді. Жеңімпаз отрядқа салтанатты жиында ұқыптылық қуыршағы табыс етілді. Дәстүр бойынша, ол ғимаратқа кіре берісте ең құрметті орынға отырғызылды.

1981 жылы қуыршақ «Нина» 3 жазғы маусымда отрядтар арасында ауысып, тазалық үшін ұсынылатын жүлде болы.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.