1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Балалар Ассамблеясы» интерактивті ойын - 1 маусым.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Балалар Ассамблеясы» ашылады.

2015 жыл Қазақстан халықтары Ассамблеясының жиырма жылдық мерей тойының жылы аталған. Біздің елімізде 93 ұлт өкілдері мекендейді.

Балалар Ассамблеясы ұлттық дәстүрлермен, әдет –ғұрыппен, мәдениет пен тарихпен таныстырады.

Келген қонақтарды Толеранттықтың Академиктері қарсы алып, құпияларды бірге ашып, «Достық шаңырағын» құрастыруға көмектеседі. Академияда үш аудитория жұмыс істейді, бұл жерде сіздер:

• Қалай амандасу керектігін үйреніп, виртуалды түрде ұлттық тағамдар даярлап, мұражайдың этнографиялық жинағының көмегімен үстел жайып, қазақ, өзбек, орыс, корей ұлт өкілдерін қарсы алады.

• Әлем халықтарының музыкалық аспаптарының сиқырлы сарынын естіп, мұражайдың этнографиялық жинағын қалпына келтіреді.

• Халықтардың ұлттық билерінен сабақ алып, негізгі элементтерін жаттап үйренеді. Іс-шара соңында Достық биі орындалады;

Іс-шара: • 11.00 с. қазақ тілінде, • 12.00 с. орыс тілінде өтеді.

2. «Биік шыңды бағындыру» Ромашкин Шикап Кадыровичтың жеке фотокөрмесі – 4 маусым.

4 маусым сағат 16.00де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Биік шыңды бағындыру» атты Ромашкин Шикап Кадыровичтың жеке фотокөрмесі ашылады.

Ромашкин Шикап Кадырович қаламызда туризммен әуестенетін адам ретінде танымал. «ҚР Туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы» атағымен марапатталған. Тянь-Шань, Памир, Кавказ, Картат тауларын бағындырған. Ол бұрынғы СССР құрамындағы көптеген мемлекеттерде болған. Әрқашан өзімен бірге фотоаппаратын алып жүріп, таң қаларлық табиғат пейзаждарын суретке тұсірген. Көрме қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ашылады. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, өйткені көрменің негізгі тақырыбы табиғат және адам.

Көрмеде автордың 40-қа жуық ең жақсы жұмыстары көрсетілген. Ол тек цифрлік фотоаппаратпен ғана емес, сонымен қатар пленкалы фотоаппаратпен түсірілген жұмыстары бар. Әсем де әдемі кең байтақ табиғатты көрмедегі суреттерден ғана көріп қоймай, сонымен қатар метрлік банерлерден де көре аласыздар.

3. Теміртау қ. Орталық қалалық емханасының 60 жылдығына арналған «Зор міндет» атты экспозициясы – 12 маусым.

12 маусым күні Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайында Теміртау қ. Орталық қалалық емханасының 60 жылдығына арналған «Зор міндет» атты экспозиция ашылады.

Экспозиция медициналық мұрағат ретінде көрсетілген, ол мұрағатта ондаған жылдар бойы теміртаулықтардың денсаулықтарын қорғап жүрген адамдардың жеке құжаттары сақталған, сонымен қатар қаламыздың ең ірі медициналық мекемесінің құрылуы жайлы құжат, фото- суреттер арқылы. Экспозицияда қалалық емхананың тарихымен байланысты бірегей экспонаттар болады, оларды қазірге дейін емделушілерге де көруге болмайтын - медициналық аппаратуралар, инструменттер, құжаттар.

4. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлттық дәстүрге 550 жыл» ақпаратты- танымдылық ойын – 15 маусым.

15 маусымнан бастап екі апта аралығында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлттық дәстүрге 550 жыл» ақпаратты- танымдылық ойын өтеді.

Ойын мұражайдың үш залында өтеді. Сахналық қойылымдар арқылы көрермендер қазақ хандарының билік басында болған уақытқа шолу жасайды, ол кездегі салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға тоқталады, ғасырлар бойы қалыптасқан және де қазіргі таңда ерекше назар аударылатын сұрақтарды қамтиды, заңға енгізілген өзгешеліктер жайлы ақпарат алады.

5. 17 маусым күні 9.30 – 15.00 уақыт аралығында Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайының алды Мұражайлық қалашықққа айналады. Балалардың жазғы демалысында әрі танымды, әрі көңілді, әрі қызықты ойын түріндегі іс-шара өткізу дәстүрге айналған.

Бұл жылғы Мұражайлық қалашық мерейтойлық болмақ, өйткені бұл жобаның мәресі 2005 жылы ашылған. Осы 10 жылға шолу жасап, ең үздік, ең қызықты сәттерді қайталауды жөн көрдік.

Мұражай қалашығында оншақты шығармашылық алаңдар жұмыс істейді. Бұл жерде көңіл көтеріп, ойын ойнап, сол арқылы жаңа ақпараттар алуға болады. Мысалы, өрнегі қайталанбас басқұр тоқу, қазба жұмыстарын жүргізіп, палеонтологиялық жануарлардың сүйектері мен ежелгі мәдениеттің заттарын табу, торсықты қайта қалпына келтіру, «бақытты үй» салу, суреттерге жан беру, мүсіншілер шеберханасында кесе жасау сияқты және басқа да қызықты ойындар, ән мен билер Мұражай қалашығының қонақтарына зор әсерін тигізетіне кәміл сенеміз.

6. Қостанайлық суретші Мирамгүл Ордашеваның жеке көрмесі – 25 маусым.

25 маусым сағат 16.00- де Темітрау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қостанайлық суретші Мирамгүл Ордашеваның жеке көрмесі өтеді.

Мирамгүл Ордашеваның жеке көрмелері Қостанайда, Челябинскте өтті, келесі біздің Теміртау қаласы. Мирамгүл Ордашева көрмеге өзінің майлы бояумен жазған 30 суретін қояды. Жас кезінен бастап қазақ халқының мәдениетіне ерекше сүйсіне қарап, қызығушылығын арттырды. Оның суреттерінде көздің жауын алатын, көшпелі халықтың өмірімен тығыз байланысқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы туындылары бар. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Өнер» кафедрасының ұстазы болғандықтан сурет салып қана қоймай, өз бойындағы өнерімен шәкірттерімен бөліседі.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.