13 қаңтар сағат 16.00 де қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Жаңа жылға жаңа күшпен» теміртаулық суретшілердің есептік көрмесі ашылады.
Қаламыздың суретшілері шығармашылық қызметін қорытындылап, жаңа жұмыстарын жылына бір рет көрмеге шығару дәстүрге айналған. Бұл өткен жыл бойы жасаған шығармашылық жұмыстың жемісі болып табылады.
Ұсынылған жұмыстар теміртаулық суретшілердің шығармашылдық ерекшеліктерінің қаншалықты бай екенін көрсетеді. Мұнда көркем сурет пен графика, портрет пен натюрморт, классикалық сурет абстракциямен қатар жүреді. Біреулері неше жылдан бері қалыптасқан дәстүрде жұмыс жасаса, ал кейбіреулері жаңа материалдарды, өнер техникасындағы әдістерді іздеп, сынап көруде.
Көрмеге қатысушы суретшілердің арасында жаңа есімдер, жаңа шығармашылдық туынды көре аласыздар, және есімі өздеріңізге бұрыннан таныс суретшілер де бар. 18 суретші 57 өнер туындысын ұсынады.
Іс-шара барысында, сонымен қатар, «Кретивті жаңажылдық сыйлық» көрме-сайысының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтарға ие болады.