«EXPO - 2017» Астанада Дүниежүзілік көрменің ашылуына орай тарихи-өлкетану музейі 27 қаңтар сағат 15.00 де болатын «Жаңалықтар территориясы» экспозицияның ашылуына шақырады.
Ескі экспонаттар мен фотоматериалдар арқылы EXPO Халықаралық көрменің тарихы, веналық орындықтан бастап сенсорлы экранға дейінгі адамзаттың техникалық жетістіктері баяндалады. Іс-шара қонақтары белгілі мемлекеттердің нышанына айналған Эйфель мұнарасының, Атомиум, Бостандық ескерткішінің EXPO-ға қандай қатысы бар екендігін, және сол көрмелерде бірінші рет ашылған қандай заттарды бүгінде біз қолданып жүрміз деген сияқты сұрақтарға жауап алады. Экспозицияның маңызды бөлімі «Болашақ энергиясы» «EXPO - 2017» көрмесінің тақырыбына арналады. Сонымен қатар, Қазақстанда және Теміртау қаласындағы экологиялық және ресурстарды үнемдеу жобасының жұмысы аталып өтеді.