Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі 6 наурыз сағат 12.00 де Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ж.Эволюция» экспозициясының ашылуына шақырады.
Музей бес жыл бойы әйелдер әлемін жан-жақты, тіпті күтпеген жаңа қырынан көрсететін жобаны ұйымдастырып келеді. Бұл жолы музей «Ж.Эволюция» - «Әйелдер эволюциясы» экспозициясын ұсынады.
Әйелдердің тұрмыстық заттары заманға қарай қалай өзгеріп отырғанын, өткен заманның әйелдері қалай және ненің көмегімен сәнденгенін ойланып көрдіңіздер ме?
Ағаш үтіктен бу үтігіне дейінгі, ұннан тоналды көремге дейінгі, шашты бұйралайтын қағаз бигудидан плойкаға дейінгі Әйелдер эвалюциясының ерекше ұзақ өркендеу жолын жаңа мерекелік экспозицияда ұсынылады.
14 наурыз сағат 16.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Сплав» халық фотоклубының «Бұл жерді мен сүйемін. Таңдаулы» атты мерейтойлық фотокөрмесінің ашылуы өтеді.
Клубтың қырық жылдық мерейтойы арналған көрмеге 18 фотосуретші қатысады. Олардың ішінде бүгінде клубтың ақсақалдарына айналған Александр Ворожев, Виктор Верикас, сонымен қатар өзін енді осы салада байқап жүрген фотосуретшілер мен жас әуесқойлар да бар.
Көрмеге ұсынылған 50 сурет – авторлардың айтуынша, олардың шығармашылығындағы ең таңдаулысы. Көрермендер репортаждық түсіріліммен қоса, классикалық фотосуреттің барлық жанрын көре алады. Фотосуреттер тақырыбының сан-алуандығы бұл көрменің сәні де, мәні де болмақ.