Қазақстан Республикасында осы бейіндегі экспозиция жалғыз деп айтуға болады. Негізгі мақсаты – балалардың тоталитарлық секталардың әсеріне түсіп қалмауы, дәстүрлі және жаңа діни ағымдардың тарихымен таныстыру, жалпы қоғамда дін бар және дін туралы түсінік бар, осыны балаларға дұрыс жеткізу.
Әлемде діндердің таралуы, біздің қалада пайда болуы - діни жоралар мен ғұрып заттары арқылы әңгімеленеді. Тоталитарлық секталармен күресу мәселесіне және атеизмге ерекше көңіл бөлінген.
« Діни ғұрып заттары» залының экскурсиялық тақырыптары:
- «Діни ғұрып заттары»
- «Қаламыздағы діни ұйымдардың тарихы»
- «Діни экстремиз: ашығын айтайық»