2022 жылдың 6 мамырда музей алдындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтары 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған «Ерлік» деп аталатын музей акциясына қатысты.
Бес сағат ішінде екі блок жұмыс істеді. Бірінші блок ҚР Қарулы Күштеріне арналды. «Отан қорғаушылар» экспозициясы жәдігерлер мен фотосуреттер арқылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы баяндайды, Теміртау қаласының әскери бөлімдерінің тарихын ашады. Бұл блоктың «Жорық» интерактивті бөлігі акцияға келушілерге әскери қызметке дайын екендіктерін тексеруге мүмкіндік берді. Қатысушылар 45 секундқа әскери форманы киіп үлгеруге тырысып, кедергілерден құламай өтуді үйренді.
Екінші блок Жеңіс күніне арналған. Тұрғындар үшін төрт аймақ ұйымдастырылды: «Соғыстың үрейлі сандары" экспозициясында келушілерге Ұлы Отан соғысының үрей тудыратын статистикасы туралы бес ескерткіш стела баяндады. Әр стела - бұл Ұлы Отан соғысының жергілікті және жалпы масштабтағы сананы сансыратар статистикасы. Әрбір инсталляциялық блокта ҰОС-на байланысты жәдігерлер пайдаланылды.
«Өткен күннің батырлары...» атты архивтік фотокөрме. Бұл майдангерлердің өзімен бірге алып жүрген немесе ұрыс алаңдарынан жіберілген кішкентай, қалталы фотосуреттері, олар үлкейтіліп, музейдің қас бетіндегі терезелерінен орын алды.
«Естелік хаттар» интерактивті аймағында музей алаңына келушілер әскери үшбұрышты хаттарды бүктеп, оларға қол қойып, Ұлы Жеңіс жылын білдіретін 1945 деген алып сандарға орналастырды.
Белсенді қатысушылар үшін «Шұлғау» интерактивті аймағы жұмыс істеді.
Акцияға 300-ден астам адам және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.