2023 жылғы 16 қаңтар Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Облыстық өнер музейінің қорынан «Жаз бояулары» тақырыптық көрмесінің онлайн ашылуы өтті.
Көрме облыс музейлері арасында көрмелермен алмасу аясында өткізілді.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің жинағында кескіндеме, графика, мүсін, сәндік - қолданбалы өнер заттарын қоса алғанда, 10 мыңға жуық өнер туындылары бар.
Көрмеде ұсынылған кенептер әр түрлі уақытта жасалған. Ең көнесі ХХ ғасырдың ортасына жатады. Картиналардың көп бөлігі кескіндемелер, сонымен қоса акварель мен графика да бар.
Барлық жұмыстарды бір тақырыптық сюжет біріктіреді – бұл жаз тақырыбы. Ол натюрморттарда, қалалық және табиғи көріністерде бейнеленген.
Туындылардың авторлары - Қарағандының танымал суретшілері. Олардың арасында ҚР Суретшілер одағының мүшелері - М. Әбілқасов, А.Осипенко, В. Проценко, С. Щеголихин, П. Антоненко, қуғын - сүргінге ұшыраған суретшілер - Л. Усайтис, Г. Гилевский және бірқатар әуесқой суретшілер.
Ашылу салтанатына «Т-Арт» қалалық клубының өкілдері Х. Р. Мұстафина мен Ю. В. Пильтихин қатысты.
Тікелей эфирді Instagram (@temirtau.muzey) сайтында көруге болады.