2021 жылдың 29 қыркүйегінде әлем суретшілері туындыларының суретте қайта жаңғырылу көрмесінің ашылуы өтті.
Көрме қонақтары Теміртау SOS Балалар ауылы балаларының жасаған жұмыстарын тамашалады, ол «Мәдени мұра. ХХ-ХХI ғасырлардағы өнерге заманауи көзқарас және Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның мерекелік дәстүрлері» жобасы аясында АҚШ - тың Қазақстандағы Елшілігінен алынған гранттық қаржының арқасында жүзеге асты.
Көрмеге 50-ден астам туынды қойылды. Бұл 20 картинаның фотосуреті және параллельді түрде 20 фото көшірмесі, оларды балалар шығармашылық үдерісте жасаған. Сонымен қатар, ХІХ-ХХ ғасырлар стиліндегі «Отбасылық фотосессия» сериясынан 11 фотосурет қойылды.
Көрме қонақтары фотосуреттің көшірмесіне антураж ретінде қойылған, ол фотосуретті жасау үшін қолданылған заттарды көре алды.
Көрменің ашылу салтанатында жобаға қатысқан балалар өздері экскурсия жүргізді. Олар суретшілердің туындылары мен қайта жаңғырылған фотосуреттер жасаудың шығармашылық үдерісі туралы әңгімеледі.
Кез келген көрермен өздерінің қалауына қарай аудио гидтерді қолдану арқылы белгілі бір картиналар бойынша экскурсия тыңдай алады.
Көрмеге келушілер "Естелік суретке түсіру" фото аймағында суретке түсіп, Данияр Дүйсембаев өткізген фотоөнер бойынша шеберлік сабағына қатысты.