2020 жылдың 24 қыркүйегінде «Қала тарихы суретшілер көзімен» атты көрменің ашылуы өтті.

Ол 1 қазанда атап өтілетін қаланың 75 жылдық мерейтойына ұйымдастырылды.

Көрмеде музейдің қор коллекциясынан 35 жұмыс көрсетілді.

Оның бірегейлігі - ұсынылған суреттердің арқасында келушілер өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі қаламыздың қандай болғанын көре алды.

Көптеген шығармаларды суретшілер пленэрде жазған және бұл олардың сюжеттерінің ақиқаттығының дәлелі.

Әрбір сурет - тарихтың бір бөлігі, бұл маңызды тарихи оқиға туралы әңгіме, бұл суретшінің өзі туралы әңгіме. Сондықтан, әр суретке қосымша ретінде Теміртау тарихындағы фактілер мен оқиғалардың шынайылығын растайтын қысқаша тарихи анықтама берілген.

Сурет авторларының ішінде тек теміртаулық суретшілер ғана емес, сонымен қатар қарағандылық тамаша кескіндемешілер, 1974 жылы көшпелі пленэрде жұмыс істеген, Қазақстан Магниткасына Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген акварельшілер тобы да бар.

Көрменің ашылуы қала суретшілері мен Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебі оқушыларының қатысуымен офлайн форматында өтті.

24 09 2020 2

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.