2020 жылдың 6 қазанында «Ай жәдігері» жобасы аясында Рухани келісім күніне арналған «Құран-мұсылмандардың қасиетті кітабы» атты экспозиция ашылды.
Негізгі жәдігер - Құран. ХХ ғасырдың басында Қазан қаласында жарық көрген бұл Құран кітап араб тілінде жазылған және қасиетті болып табылады. Құранды қалалық мешіттің имамы музейге сыйға тартты.
Сондай-ақ экспозицияда Құранның қазақ және орыс тілдеріндегі мазмұнымен танысуға арналған кітаптар ұсынылды.
Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Интернет кеңістігін пайдаланушылар Құран құрылымының, Құран аяттары мен сүрелері мазмұнының кейбір құпияларын біле алды.